2024-03-29 01:14:10
7.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жастар — қоғамның қозғаушы күші

Жастар - қоғамның қозғаушы күші

Бүгінде  жастардың басым бөлігі халықтың әлеуметтік белсенді бөлігі санатына жатады. Олар елдің тыныс-тіршілігіне де белсене  араласып, оның алға қарай даму жолында бірлесе жұмыс атқаруға алдарына міндет қойған.

Ең басты бүгінде жастардың  бойында жоғары азаматтық жауапкершілікті, патриотизмді, қалыптастыру болып отыр.  Осы бағытта жұмыс істеп жүрген «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің жұмысы да жандана түскен

Жалпы ұйымның мақсаты – жастарды қоғамдық келісім негізінде топ¬тастыру, жастардың бастамаларын дамыту және әлеуметтік тұрғыда қолдау.

Кеше «Достық үйі» ғимаратында «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев Шымкент қаласына келіп, ұйымның Шымкент қалалық өкілдігінің мүшелерімен кездесіп, еркін форматта сұхбат құрды.

Шара барысында Тимур Ғабдолұлы «Ассамблея жастары» ұйымы мүшелерінің қоғамдық белсенділігін арттыру, әлеуметтік желілердегі контентін ұлғайту жөніндегі ойларын ортаға салды. Ұйымның алдағы жоспарларымен бөлісіп, жастарды белсене жұмыс істеуге шақырды.

Сондай-ақ, шарада «Ассамблея жастары» РҚБ Шымкент қалалық өкілдігінің төрағасы Н.Мейірбеков ұйымның жыл басынан бері атқарған жұмыстары жөнінде баяндап, өз ұсыныстарын жеткізді.

Басқосуда ұйым мүшелері бірлестіктің қызметі мен ары қарайғы даму мәселелері бойынша өз пікірлерін білдірді.

Шымкент жастарының саны жөнінен республикадағы алдыңғы орындарға тұрған басты қалалардың біріне кіреді. Қоғамның қозғаушы күші жастар екені түсінікті. Жастың бойында бұла күш бар. Сондықтан қай елдің өскелең ұрпағының материалдық, рухани байлығы бүтін сол мемлекет түбінде озады. Осы орайда бізде де ел жастарына жасалып жатқан қамқорлық аз емес. әсіресе Шымкенттей республиканың басты үшінші қаласында бұл тұрғыда атқарылып жатқан тындырымды істер ауыз толтырып айтарлықтай дәрежеде.

Жастарға бүгінгі қоғамда керегі рухани тірек пен әлеуметтік қолдау. Осы екі аспекті жағынан жергілікті әкімдік өскелең ұрпақтың қоғамның ертеңгі тірегіне айналар үлкен азамат болып жетілуіне барынша жағдай жасауда. Олардың қатарына баспанамен қамту, сапалы білім, саналы тәрбие беру, тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз ету, жаман әдеттерге ұрынып қалмау үшін бос уақыттарын пайдалы іске арнау секілді маңызды іс-шараларды жатқызуға болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР