2024-04-26 02:40:50
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Яссауи мұрасы оқушылар арасында насихатталды

Яссауи мұрасы оқушылар арасында насихатталды

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы Білім беруді дамыту орталығы «Ясауи мұрасының түркі елінде насихатталуы» атты эссе жазу байқауының жеңімпаздарын анықтады.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары С.Қалқамановтың бастамасымен ұйымдастырылған Түркістан облысында Қ.А.Ясауи мұрасын насихаттауға арналған іс-шаралар кестесіне сәйкес жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасында «Ясауи мұрасының түркі елінде насихатталуы» тақырыбында эссе жазу байқауы өткен болатын.

Байқау қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндерінен үш секцияда жүргізілді. Аудандық кезеңінің жеңімпаз оқушыларының жұмыстары облыстық білім беруді дамыту орталығының бұйрығымен құрылған комиссияға ұсынылып, эссе байқауының қорытындысы шығарылды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР