2024-04-20 02:10:59
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Вице – министр Ш.Т.Каринова Шымкентте

Вице – министр Ш.Т.Каринова Шымкентте
15.09.2021 жылы Шымкент қаласына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірінші вице-министрі Ш.Т.Каринова қызметтік іс-сапармен келді. Қызметтік іс-сапарының мақсаты үш ауысымдық мектептердің жай-күйін білу және пандемия кезіндегі білім беру ұйымдарында орын алған олқылықтарды жою үшін жасалып жатқан жұмыс жоспарымен танысу, зерделеу, бағыт-бағдар беру.
Іс-сапар барысында вице-министр Ш.Т.Каринова №137 ЖОББМ Білім ордасындағы оқу-тәрбие үдерісімен, санитарлық талаптардың сақталуымен, оқушылардың қауіпсіз ортасын құру бағытындағы жұмыстармен танысты.
Мектеп директоры Э.Б.Қантаева Ұлттық деректер қоры арқылы толыққанды мәлімет берді. Заман талабына сай жасалынған «Абайтану», «STEM», лингафон кабинеттерін, шахмат үйірмелерін, «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Сонымен қатар, үш ауысымдық білім беру ұйымының жай-күйімен танысып, пандемия кезіндегі педагогтер мен оқушылар арасында орын алған олқылықтардың орнын жою үшін жасалып жатқан жұмыс жоспарымен танысып, кәсіби бағыт бағдар берді.
Ары қарай Ш.Т.Каринова №65 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының оқыту процесімен, білімалушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыс жоспарымен танысты. Сонымен қатар, осы мектептің базасында Шымкент қаласының білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесіп, дәстүрлі форматта білім беру, білім сапасын көтеру, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүйелі жүргізу, ТОЖ мен оқыту бағдарламалары, 2021-2022 оқу жылын ұйымдастырудың ерекшеліктері мектеп басшыларын ротациялау, директорлардың аттестациясы, мұғалімдердің біліктілігін көтеру мәселелеріне тоқталып, жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Ж.А.Тажиева білім беру мекемелерінде жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып, нәтижелі жобалардың қызметімен таныстырды.
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарында үш ауысымдық мектептердің жай-күйін біліп, пандемия кезіндегі орын алған олқылықтарды жою үшін жасалып жатқан жұмыс жоспарымен танысып, оң бағасын берді.
Кездесу соңында Шымкент қаласына арнайы іс-сапармен келген Шолпан Таңатқызына жиналған педагогтер қауымы алғыстарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР