2024-04-25 15:47:25
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Үшінші мегаполисте спорт нысандары бой көтеруде

Үшінші мегаполисте спорт нысандары бой көтеруде

Биыл Шымкент қаласында 4 спорт нысанының құрылысы жүріп жатыр. Солардың бірі – Бозарық-3 шағынауданында бой көтеріп келе жатқан Шымкент қаласының ауыр атлетикадан олимпиадалық резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдерге арналған мамандандырылған спорт мектебінің қосымша ғимараты.

Жобаға сәйкес бұл нысанда бір ауысымда 10 мен 23 жас аралығындағы 100 оқушы жаттыға алады. Бірінші қабатта — ауыр атлетика залы, киім ауыстыру бөлмелері, жуынатын бөлмелер, жаттықтырушылар бөлмесі, 16 орынға арналған асхана, медпункт, жұмысшылар мен қызметшілер бөлмелері болады. Ал, екінші қабатта — әмбебап спортзал, жұмысшылар мен қызметшілер бөлмелері, жуыну және киім ауыстыру бөлмелері қарастырылған. Спорт мектебіндегі құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталады.

Айта кетейік, Шымкент қаласында спорт саласында «Металлург» стадионы жаңартылып, Сайрам тұрғын алабындағы №12 спорт мектебінің қосымша корпусы мен Шымкент жоғары медицина колледжінің спорт залының құрылысы жүруде.

Сонымен бірге қалада «Отау Строй» компаниясының есебінен үстел теннисіне арналған спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Жаңа теннис корты биыл жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деген жоспар бар. Бүгінгі таңда 12 үстел теннисі жабдығына тапсырыс беріліп, ол шамамен бір ай көлемінде жеткізілетін болады.

Ал елімізге белгілі құрылыс компаниясы «BI Group» болса қалада ірі құрылыс нысанының бірі  ипподромның іргетасын қалауда. Бүгінгі таңда атшабар кешенінің төбесі жабылып, бәйге алаңы тегістеліп, арнайы төсеніштер төселіп жатыр. Сондай-ақ заманауи үлкен атқора салынып, ішкі әрлеу-сырлау жұмыстары бітудің аз-ақ алдында тұр.

Қаладан бой көтеріп жатқан тағы бір нысанға тоқталсақ, ол «SPORT LIFE» футбол орталығының құрылысы. Мегаполистің Орынбаев пен Ғ.Ильяев көшелерінің қиылысында орналасқан. Аталған спорт орталығында 4 футбол ангары болады. Осы аталған спорттық нысандар құрылысы аяқталған жағдайда қосымша 43 346 шаршы метр жаңа спорт ғимараттары пайдалануға беріліп, қаланы спорттық инфрақұрылыммен қамту көрсеткіші 56,6 %-ға жететін болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР