2024-04-27 08:36:35
11.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан облысының педагогикалық қоғамдастығының кездесуі өтті

Түркістан облысының педагогикалық қоғамдастығының кездесуі өтті

Түркістанда елордасы Астанадан келген «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы» акционерлік қоғамының Басқарма төрайымы Мухаметжанова Асел Зейнулақызы және Басқарманың ақпараттық-талдау орталығының жоғары және кәсіптік білім департаментінің директоры Ибрашева Алима Хажеқызы, Басқарма төрағасының қаржы және басқару жөніндегі орынбасары Қырғызбекова Айжан Тоқтамысқызы және «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы акционерлік қоғамы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының өкілдері мен Түркістан облысының педагогикалық қоғамдастығы кездесті.

Жиынның басты мақсаты — педагогтердің кәсіби құзіреттілігін дамыту, біліктілікті арттыру жүйесін жетілдірудің басым бағыттарын талқылау, оқытудың заманауи стратегияларын көздейтін жаңа курстарды енгізу мәселелерін талдау.

Кездесуді облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Мәдіханқызы Садықова ханым жүргізіп отырды.

Маңызды кездесу барысында білім қызметкерлері көкейтесті сұрақтары мен ұсыныстарын, проблемаларды ортаға салып, еркін пікір алмасты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР