2024-05-02 02:58:17
11.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Туған жерге туыңды тік»

«Туған жерге туыңды тік»

Қазақстан тарихында 25-қазан  «Мемлекеттік егемендік туралы Декларация» қабылданған күн ретінде қалады.  1990 жылы 25 қазан күні қабылданған Казақстанның «Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы»  — ел Конституциясының негізіне айналған республиканың тұңғыш заң актісі. Бұл құжатта Қазақстан «халықаралық қатынастардың дербес субъектісі болуға, сыртқы саясатты өз мүдделеріне сай белгілеуге, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға құқығы бар» егемен мемлекет деп жарияланды.

Атаулы күнге орай, оқушылардың бойында елжандылық сезімін қалыптастыру, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілікке, тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу өте маңызды. Осы мақсатта Ордабасы ауданы С.Ысқақов мектебі  «Өлкетану» үйірмесінің жетекші Жолшыбек Жанар оқушыларға кішігірім саяхат ұйымдастырды.

Үйірме жетекшісі «Туған жерге туыңды тік» кіші бағыты бойынша 5-сынып оқушыларын өлкенің мәдени жерлерін таныстыру мақсатында Қ.Мұңайтпасов атындағы облыстық спорт өлкетану мұражайына саяхат жасады. Оқушылар мұражайды аралап, ондағы тарихи жәдігерлермен, құндылықтармен жақынырақ тынысып, рухани азық алып қайтты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР