2024-04-20 13:00:46
23.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Төлебилік оқушылар — алдыңғы орында

Төлебилік оқушылар - алдыңғы орында

«Менің кіші Отаным» атты республикалық зияткерлік конкурстың Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданы бойынша өткен іріктеу кезеңінде 4 оқушыға облыстық байқауға жолдама берілген болатын. Олардың 3-еуі облыстық доданың қорытындысына сәйкес, жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Атап айтсақ, Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №7 IT мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Арайлым Сыздық (жетекшісі Қарлығаш Бегімбетова) «Менің кіші Отанымның болашағы», Жеңіс жалпы орта мектебінің 10-сыныбында білім алатын Жансая Балтабек (жетекшісі Жайна Қожамқұлова)«Менің кіші Отанымның символы», Сарқырама жалпы орта мектебінің 10-сынып шәкірті Әсел Дәуітбек (жетекшісі Маржан Бекеева) «Менің кіші Отанымның тарихы» номинациясы бойынша жүлдегер атанды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР