2024-04-26 23:21:45
18.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Төлебилік оқушы — үздіктер ондығында

Төлебилік оқушы - үздіктер ондығында

Балалар жылына» орай елімізде биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың жүйрік» республикалық ағартушылық жобасы қолға алынған болатын. Жобаның мақсаты — қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тілі болуына ықпал ету, Қазақстандағы этнос балаларының мемлекеттік тілді үйренуге деген құлшынысын арттыру.

Осы жобаға түрлі этностардың мемлекеттік тілді еркін меңгерген балалары қатысты. Жоба қатысушысы болуға еліміздің барлық өңірінен 5–12 жас аралығындағы 531 бала өтініш білдіріп, олар жобаның «Ертегілер әлеміне саяхат», «Тұлғалар тағылымы», «Мен ұнататын мамандық», «Туған өлкеге тағзым» атты бағыттары бойынша бақ сынады.

Қазылар алқасы барлық қатысушыны бағалап, олардың арасынан 10 баланы жеңімпаз деп тапты. Сол балалардың бірі – Түркістан облысының Төлеби ауданындағы №1 мектеп-гимназияның 3-сынып оқушысы Ульяна Почанина. Ол жобаның «Ертегілер әлеміне саяхат» бағыты бойынша қазылар алқасының назарына өзінің әңгімелеуіндегі «Түлкі мен тырна» ертегісін ұсынды. Оған Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесі ұйымдастырған жоба жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде соңғы үлгідегі велосипед сыйға берілді. Ал Ульянаны жобаға қатысу үшін дайындаған аталмыш мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі, шығармашыл ұстаз Эльмира Турабаеваға Алғыс хат тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР