2024-04-26 06:32:02
12.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Төлебилік мұғалімдер біліктіліктерін арттыруда

Төлебилік мұғалімдер біліктіліктерін арттыруда

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов: «Білім беру сапасы үшін педагогтардың біліктілігін арттыру өте маңызды. Сондықтан біз бірнеше бағытта жұмыс атқарып жатырмыз.

Біріншіден, олардың біліктілігін үздіксіз арттыру үшін заңнамаға өзгерістер енгіздік. Президент тапсырмасын орындадық. Енді педагогтар бес жылда емес, үш жылда біліктілік арттыру курстарынан өтеді» деген болатын.

Бүгінде Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері осы аудандағы Сұлтанрабат жалпы орта мектебінің базасында өткізіліп отырған біліктілік арттыру курсында білімдерін жетілдіруде. «Қазақ тілі және қазақ әдебиеті педагогтарының базалық және пәндік құзыреттіліктерін дамыту» атты 80 сағаттық курсқа Төлеби ауданының 30 педагогы қатысып жатыр.

Курсты «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР