2024-04-25 17:01:33
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Тәрбиешілердің жалақысын көтеруге мән берілді

Тәрбиешілердің жалақысын көтеруге мән берілді

– Бүгінде білім саласын дамытуға мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып отыр. Бүгінгі Жолдауда білім саласын жаңғырту, оқушыларға жағдай жасау мақсатында бірқатар оң өзгерістер айтылды. Балабақша – барлық тәрбиенің бастауы. Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиешілердің әлеуметтік жағдайын көтеру – басты жаңалықтың бірі болды. Ол – уақыт күттірмейтін мәселенің бірі. Сол себепті енді тәрбиешілердің жүктемесін азайта отырып, олардың жалақыларын көтеру үшін біліктілігін арттыруға мән берілмек.

Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Балалардың заманауи мектепте оқуына жағдай жасалып, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесі толық шешілмек. Жалпы айтқанда, адам капиталын дамытудағы жүйелі жұмыстар жалғасын табады. Президент кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы керек екенін айтты. Енді педагогтар осы үдеден шығады деп ойлаймын.

Жанат ТӘЖИЕВА,
қалалық білім басқармасының басшысы.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР