2024-06-13 22:32:11
26.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Skills Enbek платформасында енді аудармашыларға да арналған курстар болады

Skills Enbek платформасында енді аудармашыларға да арналған курстар болады

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Қазақстан аударма академиясымен онлайн-білім беруді дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, оның аясында Skills Enbek платформасында аудармашылардың біліктілігін арттыру үшін курстар каталогы кеңейтіледі.

Қазақстан Аударма академиясы Орталық Азия аумағында қосымша кәсіптік білім беру және білікті аудармашыларды оқыту қызметтерін ұсынады. Курстарды тәжірибелі отандық және шетелдік оқытушылар мен аудармашылар әзірледі.

Онлайн оқыту қазақстандықтарға біліктілігін арттыруға, практикалық дағдыларды алуға және жаңа салада өз мансабын бастауға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, Skills Enbek платформасы маркетплейс қағидаты бойынша курстарға қолжетімділік беретін халықаралық оқыту алаңдарының қазақстандық баламасы болып табылады. Платформада кез келген адам оқи алады және оқуды аяқтағаннан кейін алынған сертификаттар мен дағдылар Электрондық еңбек биржасындағы түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі.

Skills Enbek іске қосылғаннан бері әртүрлі бағыттар бойынша 232 курс орналастырылды, оның 133-і тегін. Тіркелген пайдаланушылар саны 325 мыңнан асты, ал оқуды сәтті аяқтап, 270 мыңнан астам адам сертификат алды. Оқуды аяқтағандардың ішінде 62 мың адам жұмыссыз мәртебесіне ие.

Жалпы алғанда, Қазақстан Аударма академиясымен ынтымақтастық орнату еліміздегі кәсіби аударма саласында мамандардың жаңа буынын даярлау үшін қазақстандықтарға қолжетімді курстардың базасын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР