2024-04-26 01:21:43
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент ұстаздары оқ бойы озық тұр

Шымкент ұстаздары оқ бойы озық тұр

Шымкент қаласының ұстаздары бірнеше бағыт бойынша республикада өз әріптестері арасында оқ бойы озық келеді. Мәселен, «Күнделік kz» жобасының бас директоры әрі құрылтайшысы Мұхтар Ільясовтың айтуынша соңғы екі жылда Шымкент қаласы төрт рет «Алтын түймемен» марапатталыпты. Ол нені білдіреді?  Яғни шымкенттік ұстаздар «Күнделік kz» -ті сапалы толтырған, күнтізбелік жоспарларды орындаған, ата-аналармен арадағы қарым-қатынас жоғары деңгейде болған деген сөз. Міне осы көрсеткіштер бойынша Шымкент бірнеше жыл қатарынан республикадағы өңірлер арасында алдыңғы орындардан көрініп келеді.

Жоба жетекішісінің мәлімдеуінше бұл бірінші кезекте қарапайым мұғалімдер мен мектеп директорларының және білім басқармасының еңбегі деп есептейді. Өйткені ағартушылық саладағы осындай жүйелі жұмыстар мен өзара байланыстар болмағанда мұндай нәтижелі көрсеткішке қол жеткізе алмаған болар еді.

Айта кету керек, «Күнделік kz» дегеніміз ол интернет-платформа. Онымен бүгінгі таңда Қазақстанның бүкіл мектептері жұмыс істейді. Бұрын қағазды журнал, күнделік болатын. Барлық есептер қағаз нұсқасында іске асырылатын. Қазіргі заман технологиясы бойынша мұның барлығы 2016 жылдан бастап электронды форматқа көшкен.  Осы цифрлық алаңның арқасында мектеп жұмысы қағазбастылықтан арылса, екінші бір жақсылығы мұғалімдердің жұмысы жеңілдей түсті. Бұл ата-анаға да ұстаздарға бірдей ыңғайлы құралға айналды. Себебі ата-ана қай жерде жүрсе де баласының үлгерімін интернет арқылы көре алса, мұғалім үй тапсырмасын тексеріп, оның нәтижесін электронды журналға үйінде отырып-ақ жүктеуге мүмкіндік алды.

Шымкент қаласының білікті педагогтерінің айтуынша бала тәрбиесі ұстаздардың мойнына артылған маңызды міндет. Мемлекет саналы ұрпақ тәрбиелеп, білім сапасын көтеру жолында үлкен жұмыстар атқарып жатыр. Соның арқасында білім саласына деген қолдау күшейді. Педагогтердің мәртебесі көтеріліп, ұстазға деген құрмет пен бұл мамандыққа деген қызығушылық қоғам ішінде әсіресе, өскелең ұрпақ арасында өсе түсті. Ендігі мақсат мемлекет сенімін ақтап, саналы ұрпақ тәрбиесіндегі жұмысты абырой биігінен түспей атқара беру.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР