2024-03-29 05:49:18
5.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшылығы 1 қыркүйек – Білім күнімен құттықтады

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшылығы 1 қыркүйек – Білім күнімен құттықтады
Бүгін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова №132 жалпы орта білім беру мектебінің ұстаздарын, білім алушылары мен олардың ата-аналарын айтулы күнмен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
1 қыркүйек – әр адамның жүрегінде жақсы естелік қалдыратын, жарық та жылы сезімдерге толы ерекше күн. Бүкілхалықтық мерекеге айналған білім күні барлық ұстаздар мен оқушылар үшін жаңа бастамалардың, жаңа ізденістердің, жаңа идеялардың символы.
«Қымбатты ұстаздар, қадірменді оқушылар, ата-аналар!
Баршаңызды 1 қыркүйек — Білім күнімен, дәстүрлі жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын.
Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады. Барлық оқушыларымыз бен студенттерімізді, ұстаздар мен ата-аналарымызды құттықтай отырып, қажымас қайрат, білімге деген құштарлық, ең бастысы дендеріңізге саулық тілеймін. Бүгінгі кішкентай бүлдіршіндер — ертеңгі елдің тізгінін ұстар келешегі»,- деді басқарма басшысы.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР