2022-09-27 21:23:22
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент: Педагогтердің қалалық Тамыз кеңесі өтті

“Құндылыққа бағдар: Сапалы білім. Өзін-өзі бағалау. Жаңа мүмкіндіктер”. Биылғы тамыз кеңесі осындай тақырыппен ұйымдастырылды. Жиынға қала әкімі М.Әйтенов, білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева мен мектеп директорлары, жалпы 800 педагог қатысты.

Кеңеске қатысушылар үшін арнайы көрме қойылып, білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен оқушылардың өнері, ғылым мен білім саласында жеткен жетістіктері таныстырылды.

Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен жалпы 32 панельдік секция жұмыстары көрсетілді.

Жиынға қатысушылар көрмені аралап болған соң кеңестің салтанатты ашылуына куә болды.

Конференцияда сөз алған шаһар басшысы  «Педагог мәртебесі туралы» Заңының қабылдануы, ұстаздар қауымының қоғамдағы абырой — беделін арттырып, әлеуметтік тұрғыдан қорғалуына бағытталғанын айтып өтті.

— Соңғы 3 жылда елімізде мұғалімдердің жалақысы 2 есеге артып, 2020 жылдан бастап  бүгінге дейін 75%-ға өсті, 2023 жылы жалақыға тағы 25% қосылатын болады. Мемлекет басшысының елімізде 2025 жылға дейін 1000 мектеп салу міндеттемесіне сәйкес, Шымкент қаласында 101 мектептің құрылысын жүргізу қарастырылып, 51 мектеп пайдалануға берілді. 2 жылда бағдарламаның 50 пайызын немесе 11 мектепке артығымен орындап отырмыз. Нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны 9-дан 5-ке азайды. 2023 жылы қалада үш ауысымды мектеп мәселесі толығымен шешілетін болады,-деді әкім.

Жалпы жиын еркін форматта өтті. Іс- шара барысында білім саласын дамытудың бағыттары мен маңызды мәселелері талқыланып, оқу пәндерінің педагогтары ұсыныстары мен пікірлерін диалогтік алаңда ортаға салды.

Бұдан соң ағарту саласында ерекше жетістігімен көзге түскен ұстаздар “Мейірім”, “Еңбек ері” медальдарімен және “Білім беру ісінің құрметті қызметкері”, “Ы.Алтынсарин” төсбелгілерімен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР