Шымкент қаласындағы 246 мектепте биыл 249 544 оқушы білім алуда. Биыл алғаш рет ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес орта білім беру ұйымдарындағы оқу сабақтары 2023 жылдың 31 мамырында аяқталды.
Оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты жиынды «1-маусым – балаларды қорғау күніне» орайластыра өткізілуде.
Сонымен биыл Шымкент қаласы бойынга 11-сыныпты бітірушілер саны – 11 653. Оның ішінде «Алтын белгіге» үміткерлер – 316, «Үздік аттестатқа» үміткерлер саны – 641.
Мектептерде бітіруші түлектер үшін қорытынды емтихандар өткізуге барлық жағдайлар жасалған.
ҰБТ Шымкент қаласында орналасқан үш «U-Study» аймақтық тестілеу орталығында өткізілуде.
Барлық орталықтар қажетті техникалық құралдармен, жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметі, психолог және медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілген.
Биылғы 2021-2022 оқу жылында 11-сыныпты 11 653 оқушының 10 545 оқушы (90,4%) ҰБТ тапсыратын болады.
ҚР БҒМ 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына сәйкес ҰБТ ағымдағы жылғы 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткізіледі.
ҰБТ қатысушыларының деректер базасына тіркелуі өз бетінше 2023 жылғы 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында жүргізілді. Осы аралыққа дейін тестілеуге 2 (екі) рет өтініш беруге мүмкіндік берілді.