2024-03-29 10:12:26
6.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

PISA халықаралық зерттеуі

PISA халықаралық зерттеуі
Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша PISA Халықаралық бағдарламасы оқушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу машықтарын, нақты бір оқу пәндерімен тікелей байланысты емес мәселелерді шеше білу құзіреттіліктерін бағалауға бағытталған.
PISA халықаралық зерттеуі барлық білім беру ұйымдарындағы 15-жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстану бағытындағы пәндерден білім жетістіктерін анықтауды мақсат етеді. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған.
Көптеген елдерде жасөспірімдер 15 жаста негізгі білім беру сатысын аяқтап, ересек өмірге дайындалады, осыған сәйкес зерттеудің негізгі міндеті он бес жастағы оқушылардың өз беттерінше өмір сүрулеріне қажет білім, білік, дағдыларын анықтау болып табылады.
Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеу негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асады: «математикалық сауаттылық», «жаратылыстану сауаттылығы» және «оқу сауаттылығы».
Математикалық сауаттылығы
Математикалық сауаттылық деген ұғымға оқушылардың келесі қабiлеттiлiктері жатады:
— қоршаған ақиқат ортада пайда болатын және математика арқылы шешiле алатын мәселелерді тани білу;
— бұл мәселелерді математика тiлiнде құрастыру;
— бұл мәселелердi математикалық айғақтар мен әдiстерді қолдана отырып шешу;
— шешiмдерде қолданылған әдiстерді талдау;
— қойылған мәселелерді есепке ала отырып нәтижелерді түсiндiру;
— шешiмдердің нәтижелерiн құрастырып жазу.
Бұл зерттеудегі математикалық тапсырмалар нақты өмірлік мәселелерге жақын, қоршаған өмірдің түрлі аспектілерімен байланысты және өз шешiмдерi үшiн математикалық талдауды талап ететiн, мектептiң өмiрi, қоғам, оқушының жеке өмірі, кәсiби қызметi, спорт және т.б. туралы мәлiметтер ұсынылады.
Жаратылыстану сауаттылығы
Ғылыми жаратылыстану сауаттылығын төрт аймаққа бөлуге болады:
— ғылым мен технологияға сүйенетін өмірлік жағдайларды танып білуі (контекст);
— қоршаған орта мен ғылым туралы білімдерден тұратын ғылыми білімдердің негізінде техниканы қоса қоршаған әлемді түсінуі (білім);
— ғылыми сұрақтарды ажырата білуі, ғылыми жаратылыстану құбылыстарын түсіндіруі, айқын нақтылықтар мен дәлелдемелердің негізінде қорытындылар жасауы үшін ғылыми білімдерді қолданудан тұратын құзыреттіліктерді көрсетуі (құзіреттіліктер);
— ғылыми жаратылыстану біліміне деген қызығушылығы.
PISA зерттеуінде бағаланатын ғылым жаратылыстану білімдері, машықтары мен дағдылары ғылыми жаратылыстану циклі пәндері – физиканы (астрономия элементтерімен), биологияны, химияны, географияны оқуда қалыптасады.
Оқу сауаттылығы
Оқушылардың оқу сауаттылықтарын тексеру оқу техникасы немесе мәтiннің мазмұнын нақты түсiнуін бағалауға емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған.
Зерттеу барысында мәтiнді толық түсiнгенін дәлелдейтін машықтары мен меңгере білу деңгейлері бағаланады:
— мәлiметтi табу,
— мәтiнді түсіндіріп беру,
— мәтiннiң мазмұнына немесе оның формасына рефлексия және олардың бағасы.
Оқушылардың оқу жетістіктері мен білімалу үрдісіне әсер ететін факторлар
Мұғалім мен оқушы арасындағы позитивті қарым-қатынастар білім алуға себепші болатын сыныптағы жағдайларды орнатуда шешуші мағынаға ие. Зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес, оқушылар мұғалімдердің оларды шындап қабылдауын сезінгенде, оқушылардың білім алуға құштарлықтары артып, тәртіпке қатысты проблемалары азайған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР