2024-05-02 02:59:48
11.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Өз балаңа үлгі бол!»

«Өз балаңа үлгі бол!»

Мақтаарал ауданында ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту арқылы күйзелістен арылу дағдысын қалыптастыру, өз-өзіне сенімділігін арттыру, қобалжу сезімдерімен күресе білуге үйрету мақсатында «Мақтарал» мәдениет үйінде семинар өткiзiлдi. Семинар Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкімі Б.Асанов бекіткен «Балалардың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл, ерте жүктіліктің алдын алу және жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу жөніндегі мекемеаралық іс-шара жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.

Семинарды ашқан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Оңғаров бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлінің  маңыздылығына тоқталды.

 — Ата-ана, мектеп, оқушы – үштік одағының жұмысын жандандыру үшін ата-аналар белсенді болу керек. XXI ғасырда әр адам үшін интеллектуалды қабiлет қандай қажет болса эмоционалдық қабiлет те сондай қажет. Бұл күнделікті тiршiлiкте, үйде, жұмыста адам үшін аса маңызды рөл атқаратын, таптырмас құрал, -деді Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Мұратбек Төлепұлы Серікбаев.

Семинарда отбасылық құндылықтар мен ақпараттық қауіпсіздік, мектеп формасына қатысты тақырыптар жөніде баяндамалар оқылды.

Семинардың практикалық бөлімінде әдіскер-психолог М.Нұртаева «Арт терапия: шығармашылық арқылы адамның психоэмоционалды жағдайына әсер ету»  тақырыбында арналған тренинг, супервизиялар, психологиялық жаттығулар, ән-терапия өткiздi.

Түркістан облысының ата-аналар ассоциясының төрайымы Ақбаян Төлбасықызы семинарға қатысқан ата-аналар және қатысушыларға жалынды сөздер айтып, шабыттандырды. Отбасындағы ата-ананың әр сөзі, іс-әрекеті баланың көңіл-күйіне тікелей әсер етуші фактор, сондықтан «Саналы ата-ана — саналы ұрпақ кепілі» екенін атап өтті.

Бөлім басшысы М.Серікбаев аудандағы білім саласында психологияны дамытуда атсалысып жүрген мектеп психологтарына алғыс хат табыстап, жұмыстарына табыс тiледi.

Семинарды қорытындылау кезінде аудандық әкелер мектебінің төрағасы Ш.Бәйтен «Семинардың тақырыбы мен мазмұны қазіргі уақытта өзекті екеніне тоқталып, сана өзгермей адам өзгермейтінін» жеткізсе, С.Айни атындағы жалпы орта мектебінің директоры Ш.Бабаев семинардың  жоғары деңгейде өткенін, осы семинар материалдарын аудан мектептері арқылы барлық ата-аналарға тарату туралы ұсынысын айтты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР