2024-04-25 05:22:00
19.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан»: Студенттерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді

«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан»: Студенттерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – ауыр әлеуметтік салдары бар проблема. Ол тек жәбірленушілердің құқықтарын бұзып қана қоймай, өскелең ұрпақтың ертеңіне балта шабады. Бүгін қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасы аясында қаламыздағы орта арнаулы оқу орындарының студенттер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мамандар кеңес берді. Сонымен қатар, жастар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты – отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ақпараттық насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру.

Насихаттық жұмыстар «Шымкент көпсалалы колледжі», «Shymkent жоғары педагогикалық колледжі», «Жол-көлік» колледжі, М.Сапарбаев институтының «Парасат» колледжі, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Шымкент көлік колледжі, «Оңтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі» ЖШС, «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті колледжі», «Болашақ» жоғары колледжі, Техникалық колледжі жеке мекемесі, «Отырар» колледжі, «Авиценна атындағы жоғары медициналық колледжінде» жалғасты. Басқосуда 500-ден астам ақпараттық кітапшалар таратылып, 1000-нан астам әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР