2024-04-25 16:50:10
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Оқу-ағарту министрі Шымкентке келді

ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағанбетов Шымкент қаласына арнайы іс-сапармен келді. Іс-сапар барысында мегаполистегі білім мекемелерінің жұмыстарымен танысып, ұстаздар қауымымен кездесті.

Басқосуда еліміздің бас ұстазы мектепке дейінгі оқыту және орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру, балалардың құқығын қорғау мен педагог мәртебесі жайлы сөз қозғады.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерге барып тұрғындардың алдында есеп беру туралы тапсырма берген болатын. Соның шеңберінде барлық министрліктер және біз де өңірлерге ат басын бұрып, ата-аналармен, әріптестерімізбен, қоғам белсенділерімен   кездесіп жатырмыз. Бүгін міне Шымкентте бас қостық. Келген бойда екі білім мекемесіне бас сұқтым. Оның бірі мектеп болса, екіншісі балабақша. Жиналыс біткен соң да бірнеше білім ошақтарын аралаймын. Мектеп, колледж директорларымен жүздесіп, біраз мәселені талқылайтын боламыз. Өздеріңіз білесіздер, Президент білім және ғылым саласына ерекше ден қойып, осы бойынша біздерге тиісті тапсырмалар беріп отыр. Қазақстан халқына арнаған Жолдауында да осы салаға қатысты алдымызға біраз тапсырмалар мен міндеттер қойылды. Қазір соларды орындау бойынша жұмыстар атқарылып жатыр деді А.Аймағанбетов.

Министрдің мәлімдеуінше, Мемлекет басшысы педагогтердің абыройын асыру жөнінде тың бастамал көтерді. Соның негізінде елімізде «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды. Осы заңның шеңберінде көп мәселе шешілді деп айтуға болады. Мәселен ұстаздардың жалақысы бірнеше есеге артты. Тек мектеп мұғалімдерінің емес, коледж, балабақша және қосымша білім беру ұйымдарының ұстаздарының да еңбекақысы өсті.  Келесі жылы да қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға көбейетін болады. Тек жалақы емес, сонымен бірге ұстаздарды басы артық шаруалардан босату бойынша да біраз жұмыстар атқарылды. №130 бұйрық бойынша мұғалімдер тек екі құжатқа ғана қол қоюы керек. Ол біріншіден күнделікті өзінің жұмыс жоспары. Екінші мектептегі журналға бағаларды қойып отыру. Одан басқа күнделікті жүргізетін есебі болмау керек. Елдегі болып жатқан барлық науқандарға мұғалімдерді араластыру ісі бүгінде тоқтатылды. Сондықтан педагогтердің мәртебесін көтеру бойынша жұмыстар әрі қарай да жалғасады. Министрлік үшін балабақша да маңызды сала. Оған ведомство бар назарын аударып отыр. Баланың өскенде тәрбиелі, білімді, бәсекеге қабілетті болуы тікелей балабақшада алған тәлім-тәрбиесіне байланысты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР