2024-04-26 22:13:17
18.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Мұрат Әйтенов жөндеу жүргізіліп жатқан білім ошақтарын аралап шықты

Мұрат Әйтенов жөндеу жүргізіліп жатқан білім ошақтарын аралап шықты

Ең бірінші аялдаған нысан Сайрам тұрғын алабында орналасқан №12 спорт мектебінде болып, қосымша корпустың құрылыс жұмыстарымен танысты.

Нысан 2 ауысымда жұмыс атқарады. 1 ауысымда 147 адам оқу-жаттығумен айналыса алады. Одан соң мұнда 252 спортшы сыятын түрлі спорттық жарыстар өткізуге мүмкіндік жасалмақ.

Кешен ғимараты 3 қабаттан тұрады. Жертөледе пауерлифтинг оқу-жаттығу залы, ауыр атлетика оқу-жаттығу залы, киім ауыстыру, душ бөлмелері, тренер және инструктор бөлмелері, төрешілер бөлмесі қарастырылған.

Бірінші қабатта вестюбиль-фойе, күзетші бөлмесі, киім бөлмесі, 18 орынға асхана, 210 орынға көрермендер трибунасы бар әмбебап спортзал, киім ауыстыру, душ бөлмелері, тренер және инструктор бөлмелері, төрешілер бөлмесі, медпункт болады. Ал екінші қабатта холл, демалыс орны, бокс, күрес, бадминтон спорт түрлерінен оқу-жаттығу залдары қарастырылған.

Жобаның аяқталу мерзімі 2023 жылға жоспарлануда. Сала мамандары мен мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарын жылдамдатуды тапсырған шаһар басшысы, “құрылыс сапасына да баса мән беруіміз керек”,-деді.

Мұрат Әйтенов жөндеу жүргізіліп жатқан білім ошақтарын аралап шықты

Бұдан кейін шаһар басшысы Қайтпас-1 ықшам ауданындағы №72 орта мектептің қосымша оқу ғимарат құрылысын тексерді.

375 орынға лайықталған нысан 3 қабатты 2 блоктан тұрады. Алдағы уақытта 30-ға жуық қала тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

Ғимарат құрылысы жыл соңына дейін 100% аяқталып, пайдалануға берілмек.

Мұрат Әйтенов жөндеу жүргізіліп жатқан білім ошақтарын аралап шықты

Нысан жұмыстарымен танысып шыққан қала әкімі сала мамандары мен мердігер мекемеге жұмыс сапасына баса мән беріп, жобаны уақытылы аяқтауды тапсырды.

Айта кетсек, 2022 жылы 5 білім беру ұйымында (№11, №50, №107 мектеп, 1 балалалар үйі, 1 арнайы мектеп-интернат) күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған. 4 мекеменің ЖСҚ-ы дайын. Одан бөлек, 20 мекемеге ЖСҚ дайындалуда.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР