2024-04-26 02:49:19
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Кезекті кездесу Абай ауданының жастарымен өтті

Кезекті кездесу Абай ауданының жастарымен өтті

Шымкент қаласының әкімі және әкімдік жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес  мүшелерінің кезекті отырысы Абай ауданының жастарымен өтті.

Кездесу барысында Абай ауданындағы жастар саясатын жүзеге асыру барысы туралы баяндалды.

Қала әкімі жастар арасында қозғалып жүрген өзекті мәселелер мен ұсыныстарды тыңдады. Жастар талқылауда белсенділігін көрсетіп, көптеген ұсыныстар мен пікірлерін жеткізді.

Абай ауданына қарасты кейбір шалғай елді мекендерде жастардың демалыс уақыттарын тиімді пайдалануға тегін үйірмелердің санын арттыру.

Жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, жоғарғы оқу орындарының, колледждердің түлектерін мемлекеттік бағдарламалар арқылы тұрақты жұмысқа орналастыру;

«Абай саябағында» Абай атамыздың қара сөздері мен өлеңдері жазылған аудио дыбыстарын орнатып бекітілген уақыттарда қосу.

Жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, талантты жастарымызды ынталандыруға “Металлург” саябағына жастарға Амфитеатр салу сынды ұсыныстар айтылды.

Мегаполис жастары бүгінгі күн мен болашаққа нық сеніммен қарауы жəне жан-жақты жарасымды жетілуіне,  қаламыздың дамуына, көркейюіне жастардың ерекше қолдауы және жауапкершілігі жоғары екендігін айтып, жастардаң барлық оң бастамаларын қолдайтынын жеткізді.

Жастар саясаты Шымкентте тұрақты түрде жүзеге асып келеді. Соның бір дәлелі қалада 4 ауданда да жастар ресурстық орталықтары жұмыс істейді. Сондай-ақ жуырда қаламызға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов келіп, жастардың мәселесімен танысып қайтқан болатын. Кездесуде мегаполис жастары ҚР Үкіметінің 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспары жобасындағы іс-шаралар кешенін саралады. Ал жалпы Шымкент қаласы бүгінде республикада жастары көп ең алдыңғы қатардағы өңірлердің бірі болып саналады.

Жастарға көрсетілетін қолдаудың ішінде Жас прожект жобасын атап өтуге болады. Ол бойынша мәселен, кәсіп бастағысы келетін жасқа 1 млн теңге қаражат береді. Оған ол техника мен керекті құрал-жабдықтарды сатып ала алады. Сөйтіп әлеуметтік әлсіз топтарға қызмет көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР