2024-04-27 08:10:22
11.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Келесі жылы үш ауысымды мектептер толығымен жойылады

Келесі жылы үш ауысымды мектептер толығымен жойылады

Ресми дерек бойынша бүгінде елімізде, соның ішінде шымкенттік ұстаздар жалақысы 75 пайызға өсіп отыр. 2023 жылы тағы 25 пайызға өсетін болады. Нәтижесінде 2019 жылмен салыстырғанда екі есеге артады. Білім саласына бөлініп жатқан қаражатқа келсек, жыл сайын мемлекет жалпы қаржыны ұлғайтып жатыр. Мысалы салыстырмалы түрде айтар болсақ, осыдан төрт жыл бұрын Шымкент қаласының бюджеті 146 млрд теңге болатын. Бұл қаражат Шымкенттің жалпы әлеуметтік саласын соның ішінде білімді де қамтитын еді. Міне содан бері 4 жыл уақыт өтті. Бүгінде тек қана білім саласына 176 млрд теңге қаражат бөлініп отыр.

Үш жыл бойы жергілікті әкімдік тек мектептер салумен емес, білімнің сапасын көтерумен , материалдық-техникалық жарақтандыру мәселесін жақсартумен айрықша айналысып жатыр. Әсіресе мектептердің көпшілігінде жаңартылған және интерактивті кабинеттер жасақталды.  Соның арқасында бұл бойынша көрсеткіш 32 пайыздан 72 пайызға ұлғайды. Осылайша аз уақыт ішінде бұл бағытта қыруар жұмыс атқарылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 2025 жылға дейін елімізде мың мектеп салынуы тиіс. Соның ішінде 101 мектеп Шымкент қаласында бой көтеруі қажет. Соңғы екі жылда мегаполисте 51 білім ошағы салынды. Тапсырма 50 пайызға орындалды. Ендігі жерде қала билігі қалған мектепті 2025 жылға дейін салып бітіруді жоспарлап отыр. Бүгінге дейін атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 15 үш ауысымды мектептің 10-ы қысқарып, тек бесеуі қалды. 2023 жылғы мақсат пен міндеттемелерге сәйкес үш ауысымды мектеп мәселесі Шымкентте толығымен шешіліп, ал екі ауысымдық мектептер бір ауысымға ауыстырылады. Осы бағытта әкімдік тарапынан үлкен жоспарлар құрылуда.

Бүгінгі таңда Шымкентте 221 білім ошағы болса, соның ішінде бір ауысымда білім беретіні 41 мектеп. Биылғы жылдан бастап мектептер 5 күндік оқу жүйесіне көшсе, тек үш ауысымды мектептердегі оқушылар ғана 6 күн бойы оқитын болады.

Былтырғы жылы Қазан қаласында болған оқиғаға байланысты Мемлекет басшысы мектептерде қауіпсіздікті күшейту бойынша тапсырма берген болатын.  Осыған сәйкес Шымкент қаласында мектептер жүз пайыз бейнебақылаумен, турникеттермен қамтамасыз етілді. Ал арнайы дабыл нүктесі жергілікті полиция департаментіне тікелей қосылды. Бұған қосымша әр білім ощағына мамандандырылған күзет мекемесінің қызметкерлері кезекшілікке қойылды. Бұл жұмыстар әрі қарай да жалғасып, әрбір ашылған мектепке осы қауіпсіздік стандарттары енгізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР