2024-04-26 18:29:32
20.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

КЕЛЕС: «Oxford University Press» баспасының өкілі оқыту семинарын өтті

КЕЛЕС: "Oxford University Press" баспасының өкілі оқыту семинарын өтті

Түркістан облысы, Келес ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Oxford University Press» баспасының Қазақстан Республикасындағы «InterPress Distribution» ресми өкілі Нұржан Серимбетов Келес және Сарыағаш ауданындағы ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне, сабақ өтудегі тиімді әдістер мен технологияларды таныстыру, практика жүзінде үйрету мақсатында 1 күндік оқыту семинарын өткізді.

Семинарды халықаралық лектор Oxford университеті баспасының өкілі Пол Вудфолл (Paul Woodfall) жүргізді.

— Жалпы семинар бағдарламасы екі сессиядан тұрды. Мұндай семинарлардың педагогтар үшін маңызы зор. Қазіргі таңда бұл баспаның халықаралық тәжірибесі көп елдерде ескеріледі. Мұғалімдер ағылшын тілін оқытудағы түрлі әдіс тәсілдерді де меңгереді. Оқыту семинарының соңында қатысушыларға сертификат берілді,-дейді Келес ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің ағылшын тілі әдіскері Меруерт Амирова.

Айта кету керек, оқыту семинары аудандағы №23 “1 Мамыр” жалпы орта мектебінің базасында өтті.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР