2024-03-29 14:27:21
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Кәсіпкерлер тарапынан оқушыларға көмек көрсетілді

Кәсіпкерлер тарапынан оқушыларға көмек көрсетілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен 2022 жыл Балалар жылы болып жарияланғаны белгілі. Осыған орай Шымкентте алғаш рет бастауыш сынып оқушыларына бір реттік ыстық тамақ беру үрдісі басталып кетті. Бұл ауқымды бастама 1-4 сынып аралығында оқитын 103 мың баланы қамтиды.

Бұдан бөлек Шымкентте жаңадан бірнеше білім ошақтары, балалар ойнайтын спорт алаңшалары, саз мектебі салынды. Ең бастысы өткен жылы мегаполисте апатты мектептер мәселесі толықтай шешілді. Спорт алаңшаларының да мәселесі да жүз пайызға жуық шешімін тапты. Ендігі жерде ескірген бірен-саран спорт алаңшаларын қалпына келтіру жұмыстары ғана қалып отыр.

Білім саласында Шымкенттің мақтанарлық тұсы жетерлік. Айтар болсақ, оқушылар республикалық және халықаралық деңгейдегі пәндік сайыстардан 10 алтын, 17 күміс, 33 қола медаль жеңіп алды. Бұдан бөлек екі жүзден астам оқушы жүлделі орындарды иеленді. Бұл әлбетте бірінші кезекте ұстаздардың еңбегі болса, екіншіден оқушылардың ба білімге деген талпынысы мен ізденісінің арқасы. Білім басқармасы ендігі ретте бұл деңгейден түспеуге, керісінше алдағы межені бұдан екі есеге көтеруге бекініп отыр.

Сонымен бірге қалада мектептке дейінгі бала тәрбиесі мен ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларды қолдау, қосымша білім беру, салалалық оқу орталықтарының жұмысын жандандыру және инклюзивті білім беру кабинеттерін ашу бойынша қыруар жұмыстар атқарылуда. Өткен жылы осындай 4 кабинет ашылса, биыл тағы біреуі пайдалануға берілмек. Сондықтан деніс сау жас буынға білім берумен қатар дамуында ерекшеліктері бар балалардың да оқу сапасына мән беріліп, мүгедектігі бар балаларды білім нәрімен сусындатуға үлкен көңіл бөлінетін болады. Бір сөзбен айтқанда инклюзивті білім беруге мегаполистің тиісті сала басшылығы айрықша назарына алады.

Осы ретте Шымкент қаласының әкімдігі аталған мәеленің түйінін тарқатуда мемлекетпен қатар кәсіпкерлердің де атсалысқаны абзал деп санайды. Қоғамда пайдалы игі бастаманы іске асыруда іскер азаматтар бүгінгі күнде шет қалмауы тиіс.

Биыл 50 мыңнан астам оқушыға мемлекет есебінен оқу құралдарын, мектеп формасын сатып алуға қаржылай көмектер берілді. Әсіресе оған атаулы әлеуметтік көмек алатын және көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан оқушылар көбірек қамтылды.

Бұған қосымша 12 мыңнан астам оқушыға Қазақстан халқына қорынан және 4 мыңдай балаға қаланың жомарт кәсіпкерлерінен тиісті жәрдемдер көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР