2024-03-29 15:37:11
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

IT саласының қыр-сырын үйрететін вебинар өтті

IT саласының қыр-сырын үйрететін вебинар өтті

Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығында «IT мамандығын бастау үшін қандай бағытты таңдау қажет?» атты тегін вебинар сабақ ұйымдастырылды. Вебинарға қала жастары белсенді қатысты.  Ұйымдастырушылар мақсатымыз  жас буынға IT мамандығының қыр-сырын үйрету дегенді алға тартты.

Бүгінгі вебинарда  IT  саласында тәжірибесі мол Дәулет Мекемтас және Әділ Абсаматов өз білімдерімен бөлісіп қана қоймай, болашақ IT мамандарын жігерлендіріп, мотивация берді десе де болады.

– Нұр-Сұлтан, Алматымен салыстырғанда Шымкент қаласында IT  саласы кенжелеп келеді. Сондықтан, әріптестеріммен ақылдасып, қала жастарына IT мамандығының қыр-сырын үйрету үшін, тегін вебинар сабағын ұйымдастыру жоспарланды. Өзім осы салада жүргеніме бес жылдан асты. Осы жылдары бірнеше бағдарламалар құрастырып, оны жас мамандарға үйретіп келемін. Оның ішінде «During Maps», «Medical» деп аталатын программаларым бүгінде қолданыста. Осы салада жүріп, бірнеше жобалардың авторы болып, жетістіктерге жеттім. Ендігі мақсатым оқып-тоқығанымды жас өскінмен бөлісу,- деді спикер Дәулет Мекемтас.

IT мамандарына сұраныс Қазақсанда ғана емес, әлемде үлкен сұранысқа ие. Бұл мамандық жас талғамайды. Сондықтан, бәсекеге қабілетті болып, білім алып, тәжірибе жинақтауға ешқашан кеш болмайды.

 Айдана МҰХТАРОВА

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР