2024-03-29 16:48:31
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Iqаnаt — ауылдарға мүмкіндік: Қазақстандық кәсіпкерлер ауыл оқушыларын қолдауда

Iqаnаt - ауылдарға мүмкіндік: Қазақстандық кәсіпкерлер ауыл оқушыларын қолдауда

Биылғы жылдың 17 қараша күні ауыл оқушыларына арналған IQanat олимпиадасының 1-кезеңі аяқталды. Оған еліміздің 166 ауданынан 37 692 оқушы қатысты.

Бірінші кезең барысында жеңімпаздар келесі — облыстық кезеңдерге іріктеледі, облыстық кезеңнің жеңімпаздары 2023 жылдың жазында елордада өтетін ақтық сынға жиналады. Ақтық сынға өткен барлық балаға Олимпиададан кейінгі қолдаудың 3 жылдық бағдарламасы шеңберінде қолдау көрсетілетін болады, оған ҰБТ-ны сәтті тапсыруға дайындық, үздік қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарына түсу, және ең бастысы ауыл оқушыларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша курстар: көшбасшылық және IT дағдылар, (өзіндік)- мотивация, сыни ойлау, функционалдық сауаттылық және т. б. кіреді.

Соңғы 5 жылда іріктеу форматы өзгерді. Биыл тестілеу пәндік білім бойынша емес, қабілеттерді анықтау бойынша жүргізілді.Тестілер логикаға, математикалық және кеңістіктік ойлауға, оқу сауаттылығына құрылған. Жеңімпаз болу мүмкіндігі мектепте үздік оқитындарға ғана емес, барлығына беріледі.

Іріктеуден бөлек, 220 ауыл мектептерінде 37 692 оқушылары үшін 500 мотивациялық кездесулер ұйымдастырылды.

Қазақстандық кәсіпкерлер, IQanat қорының Білім беру бағдарламаларының оқушылары мен түлектері мотивациялық сөз сөйледі. Бұл кездесулердің негізгі тақырыбы — шекаралар тек санада және қол жетпейтін мақсаттар жоқ, бастысы — оларға жоспарлы түрде қол жеткізуді үйрену. Осының барлығы Қордың 90-нан астам қамқоршысы мен 80 тәлімгерінің арқасында мүмкін болды. Қамқоршылар – бұл ауыл оқушыларына сапалы білім алуға мүмкіндік беріп, оларды қолдауға ниет білдірген қазақстандық кәсіпкерлер. Ал тәлімгерлер болса – өз істерінің майталмандары, ауыл балаларын үздіксіз дамуға ынталандыра отырып, олармен өз тағлым-тәжірибелерімен, білім-өрістерімен бөлісуге дайын жандар.

IQanat осындай маңызды миссияға барлық мүдделі кәсіпкерлер мен кәсіби мамандарды қамқоршы мен тәлімгерлер қатарына қосылуға шақырады.

«Қор қамқоршылары — ауыл балалары үшін үлгі болатын тұлғалар. Олардың әрқайсысының өзіндік тарихы бар, өмірде түрлі кедергілерге тап болған, алайда олардың ауылды, ауданды, облысты қолдап, ауыл оқушыларына қаладағы балалармен тең мүмкіндіктер бергісі келетіндері жоғары бағаға тұрарлық іс. Кәсіпкерлердің бірігіп, шағын Отандарын қолдап жатқандары үлгілі іс, біз балаларға осындай тәрбие береміз.

Ең бастысы, барлық жұмыс пен қолдау жүйелі және тұрақты әдіспен құрылған», — деп атап өтті IQanat қорының атқарушы директоры Камила Башарова.

IQanat — ауыл балаларына шексіз мүмкіндіктер ашып, олардың өмірін түбегейлі өзгертетін қазақстандық кәсіпкерлердің білім беру жобасы. 2017 жылдан бастап олимпиада 227 мыңнан астам ауыл оқушысын қамтыды. Қор ауыл мектептерінің жүздеген түлегін ЖОО-ға түсуге дайындады және Қазақстан мен шетелдің үздік университеттеріне грантқа түсуге көмектесті. Қордың қызметі туралы толық ақпаратты @iqanatkz инстаграм парақшасынан немесе telegram желісінде @iqanatkzz арнасынан алуға болады.

Қосымша ақпарат: 87072791555

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР