2024-04-24 04:00:47
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Инвестордың қолдауымен жаңа мектеп ашылды

Инвестордың қолдауымен жаңа мектеп ашылды

Шымкентте инвестордың көмегімен 500 орындық жаңа мектеп ашылды. New line school мектебінің ашылуына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева, қалалық мәслихаттың депутаттары мен қала тұрғындары қатысты.

Мақсұт Пернебайұлы келушілерді заманауи білім ордасының ашылуымен құттықтады. Қонақтар мектепті аралап, ерекшелігімен танысты.

— NEW LINE SCHOOL — СИНГАПУРЛЫҚ БІЛІМ ЖҮЙЕСІНЕ НЕГІЗДЕЛГЕН. 0-4 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ЕРКІН ФОРМАТТА БІЛІМ АЛАДЫ. БІР СЫНЫПТА 14-15 ОҚУШЫ ОҚИДЫ. МУЗЫКА ЖӘНЕ ТАҢДАУЫНА ҚАРАЙ АҒЫЛШЫН, КӘРІС, ИТАЛЬЯН, КОРЕЙ ТІЛДЕРІ ТЕРЕҢДЕТІЛІП ОҚЫТЫЛАДЫ. ҚОСЫМША ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ҮЙІРМЕЛЕР ДЕ БАР, — ДЕДІ БІЛІМ ҰЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ ГҮЛНАРА ӘШІРӘЛІ.

Оқушылардың сапалы білім алуына мұнда барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Заманауи құралдармен жабдықталған сынып кабинеттері, музыкалық , компьютер, спорт, медпункт, асхана бөлмелері жаңа оқу жылына дайын. 30-ға жуық білікті ұстаз білім береді.

Айта кетейік, биыл Шымкентте жеке инвесторлардың есебінен 26 мектеп ашылған. Жаңа оқу жылында 28 мың бала 1 сыныпқа барады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 мың балаға артық болып отыр. Жеке инвесторлардың колдауымен ашылған мектептер Шымкенттегі білім нысандарында үш ауысыммен білім алу мәселесін шешуге ықпал етуде.

Шымкентте алдағы уақытта үш ауысымды мектептер мәселесі толығымен шешімін табады. Қазірдің бұл бағытта тындырымды тірліктер жүргізіліп жатыр. Мегаполистің білім саласы республикада алдыңғы орындардың бірінде келеді. Соның бір айғағы күнделік.kz платформасында шымкенттік ұстаздар төрт жыл қатарынан алдыңғы орынды бермей келеді. Қаланың білім саласындағы жеткен тағы бір жетістігі ол цифрлық жүйеге негізделген кабинеттердің арнайы жабдықталуы.

Бүгінгі таңда осы бағыт бойынша да үлкен жұмыстар атқарылып келеді. Ал жеке меншік мектептердің көбеюі білім саласында бәсекелестіктің туындауына жол ашып, ол өз кезегінде сапаның артуына үлкен көмегін тигізеді. Сондықтан бәекелестік ортада дамыған білім саласының келешегі кемел деуге толық негіз бар.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР