2024-04-20 06:00:47
13.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«DANCE BATTLE» би байқауында Төлебилік оқушылар бас жүлдені иеленді

«DANCE BATTLE» би байқауында Төлебилік оқушылар бас жүлдені иеленді

Балалар жылына орай Қызылорда қаласында ұйымдастырылған «DANCE BATTLE» атты бірінші республикалық би байқауында Төлеби аудандық балалар саз мектебінің 7-9 жастағы оқушыларынан құрылған «Ақкербез» би тобы қатысып қайтты.

Байқауда халық биі жанры бойынша бас жүлдені иеленген төлебилік талантты оқушыларға 250 мың теңгелік сертификат, кубок, медаль және диплом табыс етілді.

Ал заманауи би жанры бойынша бұл балалар ІI — орынға қол жеткізіп, медаль және диплом иегері атанды.

Би тобының жетекшісі Ақмарал Сұлтановаға ұйымдастырушылар тарапынан Алғыс хат табысталды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР