2024-04-26 21:11:31
20.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Бірқатар білім ошақтарының жұмысымен танысты

Бірқатар білім ошақтарының жұмысымен танысты

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы Түлкібас ауданына жұмыс сапарымен барды.

Облыстың бас ұстазы Түлкібас ауданындағы Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектебі, Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебі, П. Шевцов атындағы жалпы орта мектебі мен А.Асқаров жалпы орта мектебінде болды.

Әр білім ұясының жағдайымен танысып, жылыту маусымына дайындығын пысықтады.

Мұғалімдермен тілдесіп, бірқатар мәселелерді талқылап, оның шешу жолдары жайында сөз қозғады. Мектеп асханаларына да кіріп, балаларға ұсынатын ас мәзірлерін қарап шықты.

Кітапханалардағы “E-Kitapxana“ жобасы бойынша электронды кітапхана қорын қалыптастырудағы атқарылған жұмыстарды көріп шықты.

Білім ошағындағы үйірме жұмыстары мен спортзал, акт залдарды аралады.

Түлкібасқа арнайы барған облыстың бас ұстазы әріптестеріне жұмыс барысында сәттілік тілеп, оқушылардың сапалы білім алуын жіті назарға алатынын алға тартты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР