2024-04-25 03:17:36
19.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Білім ордасына Төлепбек Назарбековтің есімі берілді

Білім ордасына Төлепбек Назарбековтің есімі берілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Төлеби ауданы Екпінді ауылындағы жалпы орта мектепке белгілі тұлға, марқұм Төлепбек Назарбековтің есімі берілуіне байланысты осы білім ұясында мерекелік жиын ұйымдастырылды. Жиынға Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықова қатысты.

Мектеп ауласында өткен басқосуда Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев сөз алып, Төлепбек Әбдіұлының қызы, осы іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі Роза Төлепбекқызына «Төлеби ауданына – 90 жыл» мерейтойлық төсбелгісін тақты.

Сондай-ақ, жиында елге белгілі азаматтар Орынбай Рахманбердиев, Досыбай Шерімқұлов, Серікжан Сейітжанов, Молдияр Оразалиев, Әтірхан Шыңғысбаев, Арман Абдуллаев сөз сөйледі. Басқосуда көпшіліктің назарына концерттік бағдарлама ұсынылып, мектеп фойесінде Төлепбек Әбдіұлының бюсті ашылды.

Айта кетсек, Төлепбек Әбдіұлы Төлеби ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген. Түрлі басшылық қызметті абыройлы атқарды. Ол Қазақстан Компартиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті ауыл шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, облыстық кеңшарлар басқармасы бастығының орынбасары, кеңшар-ұжымшар аймақтық басқармасының бастығы, облыстық ауыл шаруашылық, орман шаруашылығы басқармаларының басшысы болып қызмет етті. Шымкент қаласында дендробақ жасауға, осы жерді көріктендіруге зор үлес қосқандықтан, Шымкент қаласының “Құрметті азаматы” атанды. Оған «Төлеби ауданының Құрметті азаматы» атағы да берілді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР