2024-07-27 07:49:19
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Білім мекемелерінде мерекеге орай іс-шаралар өтеді

Білім мекемелерінде мерекеге орай іс-шаралар өтеді

25 қазан – Республика күніне орай, Қазақстанның барлық мектебі мен колледжінде Республика күніне арналған салтанатты жиын өтеді. Онда оқушылар мен студенттер әнұранды орындайды. Сол күні оқу озаттары марапатталып, барлық білім ордасында «Қазақстан – туған жерім, туған елім!» тақырыбында республикалық сынып сағаты өтеді. «Еліміздің білім беру ұйымдарында Республика күнін мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Республика күні – мемлекеттің символын айқындайтын маңызды мереке.

Балаларды Отанға деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерге, ұлттық және мемлекеттік мерекелерге құрметпен қарауға баулу маңызды. Осы себептен еліміздегі барша оқушы үшін шығармашылық, танымдық, спорттық, мерекелік іс-шаралар  жоспарланып отыр. Бұл туралы  ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова мәлімдеді.

Республика күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар 17 қазаннан бастау алды. 1-4 сынып оқушылары арасында «Атамекен» тақырыбы бойынша бірыңғай жалпыхалықтық диктант, 5-11 сынып оқушылары арасында жалпыұлттық бірыңғай эссе байқауы өтеді. Ал жоғары сынып оқушылары, яғни 9-11 сынып оқушылары арасында «Мен өз елімнің азаматымын!» тақырыбында пікірсайыстар және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады.

Сонымен қатар «Қыран елім – Қазақстаным!» жалпыреспубликалық патриоттық акциясы аясында кітап оқығыштар байқауын, спорттық сайыстарды және «Ұлттың ұлы ұстаздары» республикалық шығармашылық байқауын өткізу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР