2024-04-19 16:04:17
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Аудан әкімі “Елбасы медалін” табыстады

Аудан әкімі “Елбасы медалін” табыстады

Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов еліміз бойынша 2021 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың қыркүйегі аралығында онлайн форматта өткен, 14 пен 29 жас аралығындағы жастар арасында өзін-өзі дамытуға арналған “Елбасы медалі” жобасына қатысып, қола медаль иеленген ауданымыздың жеңімпаз оқушыларын қабылдап, медальдар табыстады.

Аталған байқауда Ордабасы ауданынан 7 оқушы озық шықты.

Олар: Аида Дулат (Б.Кенжебаев мектебі); Ардақ Жүнай (“Достық” мектебі); Гүлниса Жұмаділла (“Амангелді” мектебі); Дидар Мұхаметәлі (“Д.Қонаев” мектебі);

Забира Еркінбек (“М.Исламқұлов” мектебі); Зейнеп Ніл (“Д.Қонаев” мектебі); Хадиша Әлімжан (“Ш.Уалиханов” мектебі); Ханымгүл Серікбай (“Ордабасы” мектебі).

Аудан басшысы талантты жастарды қолдауға бағытталған жобаға қатысып, үздіктер қаратынан көрінген оқушылар мен ұстаздарына алғыс айтып, білімді ұрпақ тәрбиелеуде етіп жатқан еңбектеріне толағай табыстар тіледі.

Айта кету керек, оқушылар жеті бағыт бойынша бақтарын сынаған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР