2024-03-29 20:53:32
8.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Ашықтық білім саласын өрге сүйрейді

Ашықтық білім саласын өрге сүйрейді

Ағартушылық салада сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу бағытында арнайы жоспарлар құрылды. Осының негізінде қалалық білім басқармасы тарапынан бүгінге дейін біршама жұмыстар атқарылды.

Мәселен, білім саласындағы 32 қызметтің адам факторын азайту жолында 30-ы электронды форматқа көшті. Айталық бірінші басшыларды, педагогтарды жұмысқа қабылдау ісі автоматтандырылды. Мұғалімдерді аттестау ісі де биыл толығымен цифрландырылды. Яғни біліктілігін арттырамын, санатын көтеремін деген ұстаз арнайы электронды форматта құжаттарын өткізеді. Сол бойынша алдағы уақытта санаттары белгіленетін болады.

Мекеме басшыларын сайлау ісінде де қоғам белсенділерінен, ардагер ұстаздардан, заң органы қызметкерлерінен және қарапайым мұғалімерден құралған арнайы жұмыс тобы, яғни комиссия ашық түрде белсенді жұмыс атқарады. Мұнымен қоса мектеп директорларының жұмыс кабинеттері бүтіндей бірінші қабатқа ауыстырылды. Арнайы «опен спейс» қабылдау бөлмесі де мектептің бірінші қабатынан ашылды.

Білім олимпиадарын да автоматты жүйеде жүргізу қолға алынды. Бұдан басқа педагогтерге қажетті кеңсе тауарларына, білім беру ұйымдарының өзге де шаруашылық заттарына, күрделі емес жөндеу жұмыстарына биыл екінші жыл қатарынан жергілікті әкімдіктің нұсқауымен тиісті қаржылар бөлініп келеді.

Ашықтықты қамтамасыз ету үшін әр апта сайын қаланың бас педагогі Жанат Тәжиева жергілікті телераналарда тікелей эфирге шығып, халықтың көкейінде жүрген сауалдарына жауап береді.

Осы орайда басқарма тарапынан қабылданған шаралар арқылы мектеп директорларының құзыреттілігін арттыру, ұстаз мамандығына қызығушылықты өсіру және үздік мұғалімдер арасында мансаптық өсуді жүзе асыру бағытындағы жұмыстар биыл оқу жылының басты жаңалығы мен негізгі міндетіне айналып отыр.

Сонымен бірге мектепке дейінгі оқытудың да жаңа моделі қалыптасты. Білімді ұлт сапалы білім беру ұлттық жобасы аясында басқарма алдында 14 индикаторды іске асыру бойынша талаптар қойылып отыр.

– «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі» деген екен хәкім Абай. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Сондықтан оқушылардың білімге деген ынта-ықыласын оятып, шабыттандырып, білімнің жаңа белестерін бағындыру жолында талмай еңбек ете береміз, — деді қаланың бас ұстазы Ж.Тәжиева.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР