Байқау мақсаты — мектеп оқушылары арасында Әбіш шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттері мен эстетикалық талғамдарын, сөз мәдениетін дамыту. Сондай-ақ, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары қалыптастыру.
Байқауға Түркістан облысынан 4 бағыт бойынша 8 оқушы қатысып, барлығы жеңіспен оралды.
“Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу” бағыты бойынша:
Келес ауданы, №1 О.Есімов атындағы жалпы орта мектебі, 8 сынып оқушысы Жолдасбек Айтжан -жүлделі II орын;
Ә.Кекілбаев шығармаларын (проза, поэзиясынан ) мәнерлеп оқу бойынша:
Отырар ауданы, Ж.Жабаев атындағы мектеп-лицейі, 10 сынып оқушысы Дербіс Ұлназ -жүлделі III орын;
Ә.Кекілбаевтың шығармаларын зерделеу жобасы бойынша: Сарыағаш ауданының Дарын №4 мамандандырылған мектеп-интернаты, 9 сынып оқушысы Ибрагим Мирас — жүлделі III орын;
Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым бойынша:
Мақтаарал ауданы, С.Рахымов атындағы жалпы орта мектебінің 5 оқушысынан құралған командасы -жүлделі II орын
- Қожақұл Бекзат, 10-сынып оқушысы;
- Куринбаев Саят, 8-сынып оқушысы;
- Қарсыбаев Оңалсын, 11-сынып оқушысы;
- Жантөреев Жандос, 9-сынып оқушысы;
- Алтыбаева Ақбота, 10-сынып оқушысы.