2023-09-26 08:45:03
12.3 C
Shymkent

Көп қаралғандар

Әуезов университетінің студенттері Парламентте тәжірибеден өтіп жатыр

2023 жылғы 5-30 маусым аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр.

Студенттер мамандықтарына байланысты Мәжіліс Аппаратының бөлімдеріне барып, Парламенттің жұмысымен, құрылымымен танысып, кәсіби құзыреттіліктерін арттырады.

Өндірістік тәжірибе студенттерге кәсіби өсуге, жеке құндылықтары мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік береді, үйреншікті теорияны тәжірибелік жағдайларда қолдану және болашақ мансаптарымен байланысты ережелер мен міндеттемелерді игеруге үлкен септігін тигізеді.

Өндірістік тәжірибе оқу бағдарламасының құрамдас бөлігі ретінде студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру үшін өте маңызды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР