2024-03-04 14:07:27
4.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

2023 жылы шымкентте 23 мектеп пайдалануға берілді

2023 жылы шымкентте 23 мектеп пайдалануға берілді

Бүгінде қаладағы 268 мектепте 259 мыңға жуық оқушы білім алуда. Үш ауысымды және орын саны шамадан тыс мектептердің мәселесін шешу мақсатында былтыр 19 928 орынға арналған 23 мектеп берілді. Олардың 3-еуі – мемлекеттік, 20-сы – жекеменшік мектеп. Нәтижесінде, қалада үш ауысымда оқытатын мектеп мәселесі толығымен шешілді.

Сондай-ақ демографиялық өсімге байланысты 2028 жылға дейін қуаттылығы 50 240 орынға арналған 57 мектеп салу жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде қалада 2025 жылға дейін 28 000 орындық 18 білім ошағын салу көзделген. Оның ішінде 2 000 орындық 8 мектеп, 1 500 орындық 2 мектеп, 1 200 орындық 7 мектеп және 600 орындық 1 мектеп болады.

Былтыр қалада 17 300 орындық 12 мектептің құрылысы басталды. Аталған білім нысандары пайдалануға берілген соң, мегаполистегі бала саны шамадан тыс 29 мектептің мәселесі толық шешіледі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР