2024-04-25 18:31:03
21.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Бейбітшіліктен асқан бақыт жоқ

Бейбітшіліктен асқан бақыт жоқ

Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов ұйым туралы қоғам ішінде қалыптасқан кейбір пікрлердің жаңсақ екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол 5 тамыз – халықаралық медиация күніне орай  Шымкент қаласына жасаған іссапары барысында ассамблея жанындағы журналистер мен блогерлер кеңесінде баяндады.

–Біріншіден, жұрт ұйымды ұстап тұруға қыруар ақша жұмсалады деп ойлайды. Ол дұрыс емес пікір, — деді Марат Алмасұлы.

– Осы жерде бірден айту керек, ассамблеяның бірде-бір ұйымына мемлекет қазынасынан ақша бөлінбейді. Оның ішінде ұйымның өзегі саналатын этно-мәдени бірлестіктер де бюджеттен бір тиын да алмайды. Өтірік болмасын ассамблея сессиясына ғана 14 млн бөлінді. Бұл қаражат сессияның ұйымдастырылуынан артылған да жоқ. Сондықтан  ұйымның қазынадан тамып тұратын ақшасы жоқ деп сеніммен мәлімдей аламын. Керісінше ұйым жанындағы этно-мәдени бірлестіктер 2021 жылы 1.3 млрд теңгеге немесе 20 мыңдай жанұяға жәрдем беріп, көмек қолдарын созды.

Екіншіден,  Ассамблея тек этностар үшін құрылған дейді. Ол пікір де жалған. Өйткені халықтардың бірлігі ең алдымен осы жердің иесі, ұлт құраушы халық қазаққа керек. Сол үшін ассамблея ұйытқысы, діңгегі мен ұстыны қазақтар саналады. Еліміздегі ауызбіршілік, тыныштық пен бейбіт заман бірінші кезекте сол қазақтың өзіне керек. Бейнелей айтқанда Қазақстанда тұрып жатқан барлық этностар киіз үйдің уығы секілді. Барлығы бірігіп ортақ шаңырағымызды биік ұстауға бірдей атсалысады. Бұдан шығар қорытынды ұлттың бір мақсатқа ұйысуы қазақтың ең әуелі өзіне өте қажет. Сондықтан біз өзге этнос өкілдерін бөліп-жармай, өзекке теппей, жарты құртты жарып жеген, жарты нанды бөліп жеген кешегі ата-бабаларымыз секілді жанымызға жақын тартып, қазақтың өз баласына айналдыруға тырысуымыз керек.

Кездесу соңында ассамблея төрағасының орынбасары елімізде барлық этностардың мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайлардың барлығы жасалғанын, ассамблея Қазақстанның этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға оң ықпалын тигізіп жатқанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР