2021-10-17 19:41:54
23.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Astana Open ATP 250: жерлестеріміз ширек финалға шықты

Astana Open ATP 250: жерлестеріміз ширек финалға шықты 1

Дәл қазір елордада теннистен халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Жұптық сында ел намысын Андрей Голубев пен Александр Недовесов қорғаған. Олар алғашқы айналымда австралиялық спортшылармен жолығып, айқын басымдықпен ұтты. Қорытынды есеп: 7:6, 6:2. Ал кездесудің өзі бір жарым сағатқа созылды. Енді қазақстандық жұп келесі кезеңде Франция және Монако тенисшілерімен кездеседі. Ал жекелей сында жолымыз болмады. Қазақстандық Дмитрий Попко алғашқы айналымда австриялық Джон Миллманға есе жіберді. Қорытынды есеп: 6-3, 1-6, 4-6. Елордадағы жарыс 2 қазанға дейін жалғасады. Айта кетейік, турнир көрермендердің қатысуымен өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР