
Процедураның негізгі көрсеткіші – терапевтік емдеу мүмкін емес бедеулігі бар тұрғындар. Биылдан бастап өз қарым-қатынасын заңдамаған жұптар да ЭКО-ға үміткер бола алады. Ол кезде екі тараптан да жазбаша өзара келісімнің болуы міндетті.
Сондай–ақ, Қазақстан азаматы болып, денсаулық сақтау министрлігі белгілеген медициналық параметрлерге сәйкес болу қажет:
– репродуктивті жас (18-ден 42 жасқа дейін)
– қалыпты соматикалық және эндокриндік мәртебелер
– жоғары фолликулярлық резерв
Науқасқа in vitro ұрықтандырудан бас тартатын жағдайлар:
– жатырдың туа біткен немесе алынған ауытқулары,
– соматикалық және психикалық бұзылулар
– аналық без ісіктері
– жедел қабыну аурулары және кез-келген локализацияның онкологиясы.