
Қазіргі таңда Шымкент қаласында жалпы ұзындығы 21,9 шақырым тоғыз магистралды көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, Республика даңғылы бойында асфальт төселіп, жаяу жүргінші, веложол және арық, құбыр өткізу жұмыстары атқарылуда. Жауапты мердігер – «Корпорация Береке-А» ЖШС.
Сонымен қатар, 2021 жылы бірқатар көшелерде орташа жөндеу жұмыстары қолға алынған. Рысқұлов («Шымкент Дор Строй» ЖШС), Момышұлы («Омар-Транс» ЖШС), Тәшенов («Серік Бизнес Құрылыс» ЖШС) көшесінде орташа жөндеу жұмыстары іске асырылуда. Бұдан бөлек Иляев, Шаяхметов, Ақназар хан, Клара Цеткин магистралды көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта Бәйтереков көшесінде «Профиленд» ЖШС тарапынан аяқжол және веложолақ салу жұмыстары атқарылуда.
