2024-04-19 11:11:53
23.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Дархан Асаділов — Токио Олимпиадасының қола жүлдегері

Дархан Асаділов - Токио Олимпиадасының қола жүлдегеріТокиода өтіп жатқан Жазғы Олимпиада ойындарында каратэші Дархан Асаділов қола жүлдегер атанды. 67 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған жерлесіміз өз шеберлігін паш етіп, елімізді жарқын жеңісімен қуантты еп хабарлайды Infonews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дархан А тобында Түркия, Әзірбайжан, Жапония және Египет құрамасының өкілдерін жеңіп, жартылай финалға шықты. Жартылай финалда франциялық Стивен да Костамен кездесіп, ұпай санымен есе жіберді.

Каратэ спорты Олимпиада ойындарына тұңғыш рет енгізілген еді. Дархан – каратэ тарихында Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері. Ол ел қоржынына жетінші қола медальді салды.
Асаділовтің алдағы додаларда бұдан да жоғары жетістіктерге жететініне сеніміміз зор.
Сондай-ақ, Токио татамиінде жерлестеріміз Данияр Юлдашев пен Софья Берульцевадан да үміт күтеміз.Сондай-ақ ел намысын қорғайтын басқа да спортшыларға сәттілік серік болып, жеңістің тұғрында көк туымыздың желбірей берсін.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР