2024-04-24 04:51:17
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жиһаз индустриясы қарқынды дамуда

Жиһаз индустриясы қарқынды дамуда«Mega Smart B2B» ЖШС-нің Жиһаз фабрикасын да биыл іскеқосылған табысты жобалардың бірі деуге болады. Аталған кәсіпорынныңорналасқан аумағы «Тассай» индустриалды аймағы. Жобалық қуаттылығыжылына 120 мың жиһаз өндіруге қауқарлы. Жалпы жобаны жүзеге асыруға750 млн теңге жұмсалды. Екі гектар аумақты алып жатқан өндіріс ошағындабүгінгі таңда жүз шақты адам еңбек етуде. Компания тарихы 2004 жылданбасталады. 2016 жылы алғашқы жиһаз өндіретін Smart зауыты салынады.2020 жылы осы зауытта 63 мың дана жиһаз өндіріледі.

2021 жылы мектеппен кеңселік жиһаздың сериялық өндіріске арналған стандарттары жасалады.Фабрика сонымен бірге МДФ панельдер шығарады. Мұнда мектеп парталары«Прополис» жүйесі бойынша ал, кеңселік жиһаздар Legro сериясыменөндіріледі. Кәсіпорынның коммерциялық директоры Разия Алтаеваныңайтуынша, компания ең бірінші кезекте адамдардың жайлылығын ойлайды.Өйткені олар үшін ең басты байлық ол адам мен оның құндылықтары. Осыорайда кәсіпорын білікті мамандар даярлап, олардың өз ісін жақсы көруінекөп көңіл бөледі. Smart-та өндіріс қуаттылығы жүйелі жолға қойылған.Өндіріс инновациялық технологияларға негізделген.

Мәселен, мұнда Италия,Германияның өте дәлдікпен жұмыс істейтін заманауи қондырғыларыорнатылған. Роботтандырылған станоктар арқылы барлық өлшемдер дәлкесіледі. Соның үшін компания сапаға аса мән береді. Smart жиһаздарыныңбрендін ішкі нарықта ғана емес, шетелдік тұтынушылар арасындақалыптастыруды қалайды. Өйткені бәсекелестік қызып тұрған бизнесәлемінде қайраңдап қалмаудың бір жолы осы сапалы өнім шығару. Сондай-ақ кәсіпорында сервистік жүйе жақсы дамыған. Өнімді жобалау,шығындарын есептеу, болашақ жиһаздың дизайнын жасау, тұтынушығажеткізіп беруге дейінгі жұмыстар жан-жақты ойластырылған. Бірартықшылығы, Smart өз тауарына 3 жылға дейін кепілдік береді. Мамандартобының кәсіби шеберлігінің, бизнес пен өндіріс процестерінің дұрыс жолғақойылуының нәтижесінде компания өз өніміне өте ыңғайлы бағалар ұсынадыжәне жеткізіп беруде уақытты көпке созбайды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР