2024-04-20 01:20:47
20.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Зейнетақы жинағындағы 1 трлн теңгеден астам қаржыны баламалы мақсаттарға пайдаланды

Зейнетақы жинағындағы 1 трлн теңгеден астам қаржыны баламалы мақсаттарға пайдаланды

Қазақстандықтар 1 трлн теңгеден астам зейнетақы жинақтарын баламалы мақсаттарға пайдаланды және басқарушы компанияларға берді. Бұл туралы Citynews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сілтеме жасап хабарлайды.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметіше, 2021 жылдың 8 сәуіріндегі жағдай бойынша уәкілетті операторлардың банкілерінде, сондай-ақ, инвестициялық басқарушыларда ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ-дан 1,031 трлн теңгеден астам қаржы түсті.

«1,02 трлн теңгені БЖЗҚ салымшылары мен алушылары тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалануда. Бұл ретте БЖЗҚ-ға уәкілетті операторлардан түскен салымшылардың (алушылардың) өтініштеріне сәйкес, алынған соманың шамамен 33,5% тұрғын үйді ипотекасыз (толық сатып алу) алуға, шамамен 30% — ипотекалық қарызды өтеуге, оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы (толықтай немесе ішінара) шеңберінде, 23 % астам сома жақын туыстарына беруге жоспарлануда»,- деп хабарлады қордағылар.

Салымшылардың арнайы шоттарына келіп түскен төлемдердің орташа сомасы 5 млн теңгеден асады. Өтініштердің басым бөлігі Маңғыстау облысы (18%), одан кейін Алматы (17,3%), және Нұр-Сұлтан (13,8%) қалаларының тұрғындарынан келіп түсті.

Емделу үшін ел тұрғындары 3,5 млрд теңгеден астам қаржыны алды. Орташа есеппен алғанда бір өтініш бойынша емделуге 1 млн теңге зейнетақы жинақтары аударылады. Өтініштердің басым бөлігі Алматы қаласы (20,9%), Нұр-Сұлтан қаласы (17,5%) және Атырау облысының (8,05%) тұрғындарына тиесілі.

Қазіргі уақытта берілген өтініштердің 690-ы орындалып, инвестициялық портфельді басқарушыларға аударылған қаржының жалпы сомасы шамамен 1,7 млрд теңгені құрады, бұл ретте аударымның орташа сомасы 2,4 млн теңге болды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР