2024-03-29 18:17:49
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Үш ұлттық парктерді дамыту үшін 14,5 млрд. теңге инвестиция тартылды

Үш ұлттық парктерді дамыту үшін 14,5 млрд. теңге инвестиция тартылды

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін «Алтын-Емел», «Көлсай көлдері» және «Шарын» ұлттық парктерінің учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беруге арналған конкурстардың нәтижелері туралы хабарлайды. Бұл туралы Citynews.kz ақпарат агенттігі жоғарыда аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Конкурсқа қатысу үшін әлеуетті инвесторлардан барлығы 6 өтінім берілді. Конкурстық құжаттардың жобалары аталған ұлттық парктердің ресми интернет-ресурстарында орналастырылғанын, әр ұлттық парк бойынша конкурстарға қатысушылармен алдын ала талқылаулар жүргізілгенін атап өткен жөн.

Өткізілген конкурстар нәтижесінде «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бойынша «Таунтон Плюс» ЖШС құрамындағы консорциум атынан «QazaqGeography» РҚБ, «Көлсай көлдері» бойынша «Атырау-Рент» ЖШС, «Алтын–Емел» бойынша «Asemtal» ЖШС құрамындағы консорциум атынан «QazaqGeography» РҚБ өткізілген жеңімпаздар болып танылды.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағында экологиялық туризмді дамыту мақсатында «Алтын-Емел», «Көлсай көлдері» және «Шарын» ұлттық парктерінде экологиялық туризмді дамыту Тұжырымдамаларының тұсаукесерлері әзірленіп, өткізілді.

Оларды талқылауға шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін осы ұлттық парктер жанынан құрылған Қоғамдық кеңестердің мүшелері қатысты.

Тұжырымдамада туристік маршруттар мен соқпақтардың дамуына, туристік нысандарды күрделі құрылыссыз орналастыруға басты назар аударылған сондай-ақ, қазіргі заманғы визит-орталықтарын, глэмпингтер, кемпингтер, қазақ ауылдары мен керуенге арналған орындарды құру көзделген.

Сонымен бірге қабылданған Тұжырымдамаларға сәйкес экотуризм инфрақұрылымын дамыту тұрғысынан Алматы тобындағы ұлттық парктердің бас жоспарларын түзету бойынша жұмыстар жүргізілді.

Бұл ретте, туристік-рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін ұлттық парктердің учаскелері ұлттық парктерде туристік-рекреациялық қызметті жүзеге асыру Ережелеріне сәйкес конкурстық рәсімдер өткізілгеннен кейін ұзақ мерзімді пайдалануға беріледі.

Осылайша, Тұжырымдаманы іске асыру үшін үш ұлттық парк бойынша 14,5 млрд.теңге, оның ішінде Шарын ұлттық паркі бойынша 4,5 млрд. теңге, «Көлсай көлдері» бойынша 5 млрд. теңге, «Алтын-Емел» бойынша 5 млрд. теңге көлемінде инвестициялар тартылды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР