2024-04-25 09:42:34
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте жылыжайлар құрылысы қарқын алады

Шымкентте жылыжайлар құрылысы қарқын алады

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі ұлттық жобаға сәйкес, халықты жыл он екі ай балғын көкөніспен қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласында жылыжай шаруашылығын дамыту қарқынды қолға алынуда. Осыған орай республиканың үшінші мегаполисінде жылыжай кешендерінің көлемі жылдан-жылға артып келеді.

Мәселен 2018 жылы ол 156,5 гектарды құраса, қазіргі таңда 200 гектардан асты. Жылыжай шаруашылығына төленетін инвестициялық субсидия мөлшері біршама өскен. Мысалы үшін республикалық маңызы бар қала мәртебесін алған 2018 жылы шымкенттік шаруаларға 668 млн. теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілсе, бүгінгі таңда қаладағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2,6 млрд теңгеден асып жығылды. Осы орайда агросаланы дамытуға арналған «Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» да үлкен рөл ойнады.

Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Ә.Жанбатыров мегаполис агросаласын жылыжай шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бағытында дамыту көзделіп отырғанын жеткізді.

Азық-түлік қауіпсіздігі ауыл шаруашылығымен тығыз байланысты, сондықтан стратегиялық маңызы бар саланың жұмысы әкімдіктің жіті бақылауында. Айталық, Мәртөбе тұрғын алабында агроиндустриалды аймақ құрылысы жүруде. Оның аумағы 198 гектарға тең. Онда заманауи үлгідегі жылыжай кешендері салынады. Жабық топырақта өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдері келешекте мегаполистің экономикасына үлкен табыстар әкелмек. Әкімдік тарапынан жиналған мол өнімді сақтау мәселесі де қарастырылып отыр. Маусымдық кезеңде азық-түлік тауарларын тұрақтандыру мақсатында заманауи қоймалар салынып, ескілері қайта жаңғыртудан өткізіледі.

Осы ретте «Delta oil», «Gramad retail», «Керемет сапа», «Южстройсервис» секілді қоймалар іске қосылады. Ал қолданыстағы 6 көкөніс сақтау қоймасында өнімдерді қорға жинау ісі ұйымдастырылады. Мұнан өзге, делдалдық қызметке жүгінбейтін «егістік алқабынан дүкен сөресіне» атты жоба аясында қаладан арнайы сауда орындары ашылады. Ертеңгі күні жылыжайдан жиналған сапалы өнімдер осындай әлеуметтік сауда орындарында халыққа қолжетімді бағада ұсынылатын болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР