2024-04-20 14:03:54
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте құрғақ құрылыс қоспалары және құрылыс желімдерін өндіру зауытын салу ұсынылды

Шымкентте құрғақ құрылыс қоспалары және құрылыс желімдерін өндіру зауытын салу ұсынылды
Мұндай инвестициялық жобаны Польшаның Selena Group компаниясы қалалық инвестициялық штаб отырысында ұсынды. Жоба құны – үш млрд теңге. Жеке кәсіпкер өндірісті 2021-2022 жылдары іске асыруды жоспарлап отыр. Оған қажетті жер телімі – екі га. Жұлдыз индустриалды аймағынан жер телімін беру көзделуде. Кәсіпорын іске қосылғанда жүз  адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
Осындай серпінді жобалар Шымкент қаласының экономикалық дамуына үлес қосатынына сенім білдірген қала басшысы ең бастысы импортты алмастыратын сапалы өнім шығаруды басты мақсат етуді айтты.
Айта кетейік, қаладағы «Жұлдыз» индустриалды аймағында бүгінде инженерлік инфрақұрылым жүйелері салынуда. Мұнда шамамен құны екі жүз млрд. теңге болатын алпыс ірі заманауи кәсіпорындар ашылады. Инвесторлар тарапынан қызығушылық жоғары. Бүгіннің өзінде жүз млрд. теңгеге жиырма бес инвестициялық жобалардың пулы жасақталған. Келісімдерге сәйкес биыл он жобаның құрылысы басталады деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР