2024-04-27 00:08:03
18.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте алюминий банкілері шығарылады

Сонымен бірге биыл «KAZALPACK» ЖШС-нің алюминий банкілерін өндіру жобасы іске қосылды. Аталған кәсіпорын қала іргесіндегі «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан. Бұл сусындарға арналған алюминий банкілері мен қақпақтарды өндіретін Орта Азиядағы баламасы жоқ кәсіпорын саналады. Жылдық қуаттылығы 500 млн жиынтық. Аталған алюминий құтылары бүгінгі таңда сусындар өндірісінде аса сұранысқа ие және өз кезегінде басқа ыдыстарға қарағанда экологиялық таза болып саналады. Сонымен бірге «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржыландырылған мегаполистегі ең ірі жобалардың  бірі болып табылады. Зауыттың жалпы аумағы 20 мың шаршы метрді құрайды.

Сондай-ақ кәсіпорын АҚШ-тың заманауи қондырғысымен жабдықталған. Осы жоба аясында жұқа, қақпағы оңай ашылатын шырынға, түрлі әлсіз, күшті газдалған, алкогольді және алкогольсіз сусындарға арналған алюминий банкілері шығарылу үстінде. Сонымен бірге осы кәсіпорын өнімінің нәтижесінде Қазақстанда алюминий құтыларына қажетті сұраныстың 80 пайызы өтелетін болады. Жоғарыда айтқанымыздай бұл өнімнің экологиялық жағын да бар. Өйткені әлемде алюминий банкілері ең көп өңделетін әрі табиғи таза ыдыс болып саналады екен. Мұнымен қоса алюминий банкілерінің жартысынан көбі екінші қайтара өңделіп жатады.

Сондықтан оның бір жақсы жері басынан өңдеп түрлі салада қайта-қайта қолдана беруге болады. Жаңа кәсіпорын тек өнім шығарып қана қоймайды, сонымен бірге, бюджеттің бүйірін томпайтуға үлесін қосып келеді. Өйткені зауыт мегаполистегі бюджеттік салық төлейтін ең ірі өндіріс ошақтарының қатарында тұр. Сонымен бірге кәсіпорын іргесінің қалануымен 145 адам өзіне тұрақты жұмыс көзін тапты. Өз кезегінде олардың барлығы да ҚР заңнамасына сәйкес кепілдендірілген әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз етілген. Зауыт құрылысын жүргізуге мемлекет тарапынан да қомақты қолдау көрсетілді. Мәселен, «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасы аясында инженерлік-инфрақұрылымы толық жүргізілген жер учаскесі берілді.

Сонымен бірге «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы 6 пайыздық жеңілдікпен 19.2 млрд теңге несие қарастырылды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР