2024-04-27 00:26:45
18.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Сатып алған тауарды дүкенге қайтаруға бола ма?

Сатып алған тауарды дүкенге қайтаруға бола ма?Алматы қалалық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Арман Ақсубаев онлайн брифинг барысында тауар сатып алу кезіндегі тұрғындардың құқықтарын түсіндірді.

Әдетте дүкендер мен супермаркеттерде ақаулы тауарларды еш қиындықсыз ауыстырып береді немесе ақшасын қайтарады.

Мұнда ең бастысы — қолыңызда тауарлық немесе фискалдық чек болуы керек.
Сонымен қатар, ол «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңға сәйкес сапасыз тауарды сатып алған жағдайда, егер сатушы оған тауардағы кемшіліктер жөнінде айтпаған жағдайда, тұтынушы өз таңдауы бойынша мынаны талап етуге құқылы екенін атап өтті:

  • 1) сатып алу бағасын мөлшеріне (сапасына) қарай кемітуді;
  • 2) тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды;
  • 3) тауардың кемшіліктерін жоюға жұмсаған өз шығыстарын өтеуді талап етуге құқылы;
  • 4) ұқсас маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстыруға;
  • 5) сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, басқа маркалы (модельді, артикулді) сондай тауарға ауыстыру;
  • 6) шартты бұзуға және тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы.

Кепілдік мерзімі ішінде өнімнің кемшіліктеріне байланысты талаптарды қою қажет екенін есте ұстаған жөн.

Егер тауарға кепілдік мерзімі белгіленбесе, кемшіліктерге байланысты талаптарды тұтынушы олар сатылған тауарда сатып алынған күннен бастап екі жыл шегінде табылған жағдайда қоя алады.

«Егер тауарды тексеру (сараптау) нәтижесінде кемшіліктер жоқ екені немесе тауарды тұтынушыға бергеннен кейін оның пайдаланудың, сақтаудың белгіленген қағидаларын бұзуы салдарынан туындағаны анықталса, тұтынушы сатушыға сараптама жүргізуге арналған шығыстарды, сондай-ақ тауарды тасымалдауға арналған шығыстарды өтеуге міндетті», -деді Арман Ақсубаев.

Бұл ретте тұтынушы сапаны тексеруге және тауарға сараптама жүргізуге жеке өзі немесе өзінің өкілі арқылы қатысуға, сондай-ақ тауарды өз есебінен тексеруге құқылы екенін есте сақтау қажет.

Арман Ақсубаев ұсынымдар ретінде алматылық тұтынушыларға сапасыз тауар сатып алған жағдайда сауда орнында өзінің болғанын және сатып алғанын растау үшін суретке түсіруді ұсынады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР