2024-06-13 23:12:53
26.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қазақстанда туризм саласында 83 инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатыр

Қазақстанда туризм саласында 83 инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатыр

Қазақстанда туристік инфрақұрылымды дамыту бағытында жұмыс жалғасуда. Қазіргі уақытта 83 инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатыр. Олардың барлығында жобалық-сметалық құжаттама бар, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.

Табиғатты қорғау аумақтарын қамтитын жобалар маңызды, атап айтқанда, Имантау-Шалқар курорттық аймағында автожолдар салу және реконструкциялау, сондай-ақ Жасыбай көліне дейінгі ұзындығы 15 км кірме жолды орташа жөндеу. Жағажай демалысының танымалдығының артуын ескере отырып, маңызды жобалардың бірі – Абай облысындағы Алакөл көлінің жағалауын нығайту жұмыстары және Балқаш қаласындағы Бертіс шығанағының жағалауын абаттандыру. Тиісті қаржыландыру болған жағдайда, бұл жобаларды жақын арада іске асыру жоспарланып отыр.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және туристік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған. Елді мекендерден тыс жерлерде және ұлттық парктер аумағында инфрақұрылымды дамытудың түйінді мәселелерін шешу мақсатында әкімдіктерге тиісті құзырет беру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Былтыр 28 жоба аяқталды. Олардың ішінде Балқаш курортты аймағында инженерлік коммуникация салу және Ақтау қаласының жылы жағажайына дейін автомобиль жолын салу аса маңызды. Үшарал мен Үржардағы әуежайлар іске қосылды, бұл еліміздің әуе тасымалы мүмкіндіктерін кеңейтті.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР