2024-04-25 12:21:35
18.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«OTANDYQ KILEM FORUMY» тоқыма өндірісін дамытуға серпін береді

«OTANDYQ KILEM FORUMY» тоқыма өндірісін дамытуға серпін береді

Шымкентте 400-ден астам бизнес қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен «OTANDYQ KILEM FORUMY» өтуде. Мегаполисте кілем өндірісінің дамуына ықпал етіп, өңіраралық ынтымақтастыққа жаңа серпін беру мақсатында ұйымдастырылған жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, саладағы жетістіктерге тоқталды.

«OTANDYQ KILEM FORUMY» тоқыма өндірісін дамытуға серпін береді

“Жалпы, қаламызда жеңіл өнеркәсіп саласында 173 кәсіпорын жұмыс істесе, оның 45 пайызы тоқыма бұйымдарын өндіреді. Соңғы үш жылда тоқыма өнеркәсібінде өндіріс көлемі 10 пайызға ұлғайтылды. Тартылған инвестиция көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге артты” – деді М.Дүйсенбекұлы.

Мемлекет басшысының Жарлығымен өңірде мақта-тоқыма кластерін құрып, дамыту мақсатында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы құрылған болатын. Тоқыма компанияларына салықтық және кедендік жеңілдіктер қарастырылған. Қазіргі таңда мұнда жалпы құны 58 млрд теңгені құрайтын 35 жоба іске асырылуда. Кәсіпорындарда 2,5 мыңнан астам адам тұрақты жұмыс істеуде. Оның ішінде 20 жоба тоқыма өнеркәсібінде жүзеге асырылды.

Тоқыма саласының көшбасшысы – кілем және кілем бұйымдарының өндірісімен айналысатын жергілікті «Бал текстиль» компаниясы. 10 жылдан бері нарықта келе жатқан компания 4 инвестициялық жобасын жүзеге асырып, онда 300-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Жылына 8,5 млн.

«OTANDYQ KILEM FORUMY» тоқыма өндірісін дамытуға серпін береді

Шаршы метр кілем бұйымдары мен 4 мың тонна синтетикалық иірімжіп шығаруға қауқарлы. Кәсіпорын тарапынан Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдеріне 5 млрд. теңгеден астам соммаға өнім экспортталған.

Тоқыма саласын дамытуға жол ашатын бүгінгі кездесуде жаңа бастамалар талқыланып, сала өкілдерінің тәжірибе алмасуына, іскерлік байланыстарды орнатуына мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР